"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыркөл ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Жалтырколь отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

22.02.2024

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы

 Хабарландыру

 

"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыркөл ауылының жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

   Конкурс педагогтың бос және (немесе) уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ереже негізінде өткізіледі.

   Конкурсқа қатысуға шақырамыз

Тарих пәнінің мұғалімі -1

Конкурсқа құжаттарды қабылдау: 2024 жылғы 20-28 ақпан

Конкурсты өткізу күні: 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде

   Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

  1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

   Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

   !!! Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде (конкурсқа құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 28 ақпан) Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жалтыркөл ауылы, А.Бөкейханов көшесі 5 мекенжайы бойынша қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуы тиіс. Электрондық пошта: akm-arshaly-zhaltyrkol@mail.ru. анықтама телефондары 8 (700) 27-2-18-78.

  

Просмотров: 73


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст